Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Атырауда ақтүтек боран

AstanaTV
07.02.2023ж. 16:56
2497
Атырауда ақтүтек боран

Атыраудан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі жол уақытша жабылды. 

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, 7 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 15:00-ден бастап қолайсыз ауа райына байланысты «Атырау – Ресей Федерациясының шекарасы» бағытындағы тас жол уақытша жабылды.  

Аталған бағыттағы жол Атырау облысын Ресей Федерациясының Астрахань өңірімен байланыстырады. Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің қаржыландыруымен екі ел шекарасындағы Қиғаш өзенінің үстінен көпір салынған.

Шекараға дейінгі жолдың ұзындығы – 277 шақырым. Күре жолдың бойында Атырау облысының Исатай және Құрманғазы ауданының елдімекендері орналасқан.

"Қала және аудандардағы мектептерде 0-11 сынып оқушылары, колледж студенттері  бүгін түстен кейін қашықтан  оқып жатыр. Ертең де сабақ онлайн өтеді", - деп хабарлады облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.