Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматыда жойқын жер сілкінісі қаупі бар ма?

AstanaTV
07.02.2023ж. 20:00
2712
Алматыда жойқын жер сілкінісі қаупі бар ма?

Түркия мен Сириядағы зілзаладан кейін отандық сейсмолог мамандар еліміздегі қауіпті аймақтардағы сілкінісінің ықтимал қаупін бағалады. Олардың айтуынша, Алматыда биыл жоғары баллдық жер сілкінісі болмайды. Бірақ, апат айтып келмейтіндіктен, бейғам отырмау керек дейді. Мамандардың тағы қандай кеңесі бар? Әйгерім Пернебектің бейнематериалы.

Түркі еліндегі зілзаладан кейін алматылықтар да алаңдауда. Еліміздің оңтүстігі және оңтүстік-шығыс аймақтары белсенді және сейсмикалық қауіпті аймақ болып есептеледі. Шығыс Қазақстан облысынан Қызылорда облысына дейінгі аумақта жер сілкінісі жетіден тоғыз баллға дейін жету мүмкіндігі бар, дейді мамандар. Ал Алматы қаласы аса қауіпті аймақ деп саналады, күшті жер сілкінісі 1887 және 1911 жылдары болған.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Өте көп ғимараттар, өте тығыз орналасқан. Біздің қалада сондай жәйт орын алса, бізге оңай болмайды, Түркияға қарағанда адам шығынымыз өте ауыр болады.

- Бәріміз де қорқамыз, қауіпті. Біріншіден, ең біріншіден «тревожный чемоданчик” дейді ғой, сондайды дайындап қою керек.

- Алматы дайын деп ойлаймын. Бүкіл жерде былай қарасаң, кеңселердің жанында «безопасное место, точка», эвакуация болған жағдайда сол жерге жүгіріп бару керек.

Төтенше жағдай туындаса, халық эвакуацияға дайын дейді мамандар. Қалада тоқсан сайын сейсмо-жаттығу өткізіледі. Құтқарушылар да бәрін меңгерген.

Әнуар ЮСУПОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Жер сілкінісі болатын кезде халық эвакуацияланатын болады, ол үшін Алматы қаласында 384 баспанасыз қалған зардап шеккен халықты қабылдау пункттары құрылған. Жер сілкінісінің салдарын жою үшін қалада 17 азаматтық қорғау қызметтері құрылды. Олардың ішінде 13.5 мың адам мен 4000 бірлік техника бар. Осы біз істеп жатқан жаттығуға қатысқан адамдар дайын деп ойлаймыз.

Бірақ, мегаполистегі ғимараттардың сейсмологиялық жағдайы 2018 жылы ғана тексерілген. Сол кезде 11 мыңға жуық ғимарат, кеңес заманында салынған көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың жер сілкінісіне осал екендігі анықталды. Алайда сейсмологтардың орташа мерзімді болжамы бойынша биыл Алматы полигоны аумағында жеті балдық жер сілкінісі күтілмейді.

Нұрсәрсен ӨЗБЕКОВ, СЕЙСМОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

11 станция Алматы өңірінде іске қосылды, биыл тағыда 17 станция, сейсмикалық станция іске қосылады барлығы 28 сейсмикслық станциядан құрылады. Ол станцияның негізгі мақсаты жер сілкінісі болған сәттен бастап. Жер сілкінісі қыртысында туындайтын сейсммкалық толқындардың таралу ерекшеліктеріне байланысты алдын ала хабарлау болып табылады.

Мамандар сейсмикалық жағдайды орта және ұзақ мерзімді болжамдар шеңберінде ғана бағалай алады. Алайда апат туралы нақты кесіп-пішіп айту қиын. Сейсмикалық белсенді аймақта тұратындардың «Дабыл дорбасы» үнемі дайын болуы керек дейді.

Ә. Пернебек