Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Ақтөбеде 200 жылдан астам еңбек өтілі бар дәрігерлер отбасы тұрады

AstanaTV
07.02.2023ж. 20:00
1853
Ақтөбеде  200 жылдан астам еңбек өтілі бар  дәрігерлер отбасы тұрады

Ақтөбеде 200 жылдан астам еңбек өтілі бар дәрігерлер отбасы бар. Сұлтангереевтер жанұясында төрт буын өкілдерінің бәрі бірдей дәрігер. Олардың арасынан травматолог-ортопед, хирург, кардиохирург, акушер-гинеколог шыққан. Тіпті әулеттің келіндері де – медицина саласының мамандары. Дәрігерлер династиясы туралы тілшіміз Бақыт Рахметова айтады.

Бұл отбасындағы алғашқы дәрігер - Лұқпан Сұлтангереев. Ол 1930 жылдары Орынбордан оқу бітіріп, дәрігер фельдшер мамандығын алған. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында атты әскерде жүріп, әскери дәрігер болған. Мәскеу, Белоруссия,Украина майдандарына қатысып, «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған. Елге оралған соң Ойыл ауданында өмірінің соңына дейін дәрігер болды. Ауданда үлкен құрметке ие болып «земской врач» деген атақ алған ол кісінің екі қызы мен ұлы Бақыт та осы кәсіпті таңдаған.

Бақыт СҰЛТАНГЕРЕЕВ, «АСАР» МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бүкіл ауданға жалғыз фельдшер болған. Анам айтушы еді. Командировкаға аудан аралап кетеді. Бір екі жетіге. Арбамен жүрген ғой ол кезде. Мен де балдарға постоянно айтып отырамын. Сіздер деген науқасқа өздерін жан ашып жәрдем бере алмасаңдар. Онда сендер дәрігер бола алмайсыңдар.

Бақыт Сұлтангереев - травматолог-орпопед. Еңбек жолы өзі туған Ойыл ауданынан бастап, осы салада 47 жылдан астам еңбек еткен. Зайыбы Гүлзия Қибашқызы да дәрігер акушер-гинеколог болған. Көп жылдар бойы перзенханада қызмет еткен. Екеуінің үш ұлы да -дәрігер. Үлкені Аслан – травматолог дәрігер. Екіншісі Ерлан-хирург, ал кішісі Нұрлан – кардиохирург.

Нұрлан СҰЛТАНГЕРЕЕВ, КАРДИОХИРУРГ:

Анамның сүтімен берілген шығар. Кішкентай кезімнен бастап дәрігерлер арасында өскенбіз. Біздің үйде столдың басында қонақтар келгенде қонақсызда медицина туралы әңгіме көп айталатын. Сол себепті кішкентайымнан құлағым сінді.

Сұлтангереевтердің қай қайсысы да өз ісінің шебері. Әулеттің ортаншы ұлы Ерлан Сұлтангереев - жоғары дәрежелі хирург. Ақтөбе облысында бауыр мен бүйрек алмастыру бойынша күрделі операциялар жасайды. Қазір онының басшылығымен Ақтөбе медицина орталығында бүйрек алмастыру бойынша алпыстан аса, бауыр алмастыру бойынша оншақты операция жасалған.

Ерлан СҰЛТАНГЕРЕЕВ, АҚТӨБЕ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Әкем де, шешем де біздің бәрімізге үлгі болып, қалай олар жұмыс істейді. Жұмысқа көзқарасы қандай. Соған қарап мамандықты таңдадық. Өйткені бізге науқастардың жазылып кеткені ұнайды өте.

Талай жанның өмірін ажалдан арашалап, қаншама науқасты емдеп сауабын алған бұл әулетте төрт буын дәрігер бар. Ата салған жолды бала, кейін немелелер жалғап екі жүз жылдай осы салада абыройлы еңбек етіп келеді. Отбасында тағы екі студент медицина университетінде білім алып жатыр.

Б. Рахметова