Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Түркияда қаза тапқандар мен зардап шеккендер тізімінде қазақстандықтар жоқ

AstanaTV
07.02.2023ж. 18:58
2165
Түркияда қаза тапқандар мен зардап шеккендер тізімінде қазақстандықтар жоқ

Түркияда қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, кейінгі тәулікте бірнеше отбасы Түркияда білім алып жатқан балаларын іздеп, дипломаттарға жүгінген. Қазір бұл ақпарат тексеріліп жатыр деді. 

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Түркиядағы дипломаттар Түркияның Төтенше жағдайлар департаментімен тұрақты байланыста. Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының азаматтары зардап шеккендер немесе қаза тапқандар тізіміне енген жоқ. Бұл ретте қирандының көп болуына байланысты құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын ескеру қажет.