$518.97 €607.3 ₽6.64
×

«Зерде» сараптама клубында энергетика тақырыбындағы отырыс өтті

AstanaTV
26.08.2016ж. 20:00
2985
«Зерде» сараптама клубында энергетика тақырыбындағы отырыс өтті

Энергия тасымалдау саласындағы бағаның динамикасына қатысты негізгі факторлар. «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және cтратегиялық зерттеулер орталығы өткізген шарада осы тақырып қозғалды. «Зерде» сараптама клубының отырысын партия хатшысы Фархад Қуанғанов басқарды.

Фархад Қуанғанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Жалпы әлемдік тәжірибеде белді партиялардың түрлі сараптамалық клубтармен бірлесе жұмыс істеуі - қалыпты құбылыс. Бұл әрбір мәселені, мейлі саяси, мейлі экономикалық болсын, тереңнен зерттеуге мүмкіндік береді. «Зерде» сараптама клубы, міне, сондай міндетті атқаруы тиіс. 

«Зерде» сараптама клубы жиынына экономика және мұнай саласының мамандары шақыртылған. Әлемдегі энергетика жайы, дүниежүзі көз тігіп отырған мұнай саласы да талқыланды. Энергия тасымалдаушылар бағаның негізгі динамикасын анықтайтын саяси, экономикалық және технологиялық факторларды сарапқа салып,  болжамдарымен бөлісті. CPASS маусым айының соңында Қазақстан Президенті, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған. Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы партия қызметіне сараптамалық қолдау көрсету және даму стратегиясы бойынша партияның ұстанымын қалыптастыруға бағытталған. Ал «Зерде» сараптама клубы CPASS жанынан стратегиялық мәселелерді талқылауды қамтамасыз ету мақсатында құрылған. 

Қанат Оспанов, «Нұр Отан» партиясы саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының бөлім меңгерушісі:

Белгілі сарапшылар шақырылған. Мұнай саласынан, жалпы ғылым саласынан. Бұл, біздің ойымызша, өте маңызды. Өйткені бізге объективті көзқарас керек бұл салаға. Тек қана үмітпен өмір сүре алмаймыз.

Құралай ПИОНЕР