Отандық
тауар өндірушілердің жұмысын насихаттаған журналисті қомақты сыйлық күтіп тұр.
Қазақстанда жасалған өнімдер туралы дайындалған озық материал иесіне елімізде
құрастырылған автокөлік табыс етіледі. Бұл туралы «Бас редакторлар клубының»
жетекшісі мәлімдеді.
25 тамыз бен 30 қараша аралығында журналистер арасында
«Самғау» ұлттық байқауы өткізілмек. Жалпы қоры 10 млн теңгені құрайды. Бүгін
Астанада Бас редакторлар клубы мен «Халық маркасы» қазақстандық тауар
өндірушілері ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жүзеге
асатын шара Қазақстанның тауар және қызметтер нарығына ақпараттық қолдау
көрсетуді көздейді.
Бибігүл
Жексенбай, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті:
7
номинация бойынша өтеді. Еліміздегі барлық БАҚ байқауға қатысуға мүмкіндік
болады. Яғни газет-журнал, радио, телевидение, сайт және блогерлер де аталған
сайысқа қатыса алады.