Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматыда ҰБТ-ға дайындық орталығының "директоры" ұсталды

AstanaTV
08.02.2023ж. 15:41
1386
Алматыда ҰБТ-ға дайындық орталығының "директоры" ұсталды

Алматыда жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындайтын білім беру орталығының "директоры" алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол түлектердің ата-анасын алдап, ондаған миллион теңгені жымқырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсының жазуынша, 22 жастағы Ж. есімді жігіт өзін жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға даярлау орталығының "директорымын" деп таныстырып, ата-аналдың сеніміне кірген.

Келісімшарт талаптары бойынша ата-ана 238 мың теңгені бөліп төлей алатын болған. Бұл ретте "мұғалім" бала тестілеуден өтпесе, кепілді ақшаны қайтаруға уәде берген. Оқу орталығын құрушы зым-зия жоқ боп кеткен, уәде етілген сабақты оқи алмаған балалардың ата-анасы полицияға жүгінді.

Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков:

Полиция қызметкері бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190-бабының 3-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша тіркелгенін атап өтті.