$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Жер сілкінісінен кейін 60-тан аса ел Түркияға көмек көрсетіп жатыр - Ердоған

AstanaTV
09.02.2023ж. 11:43
1872
Жер сілкінісінен кейін 60-тан аса ел Түркияға көмек көрсетіп жатыр - Ердоған

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысындағы адам өліміне әкелген жер сілкінісінен кейін Түркияға 60-тан астам мемлекет көмек көрсетіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ердоған 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісінен зардап шеккен қалалардың бірі Хатайға барды.

"Біз тарихымыздағы ең ірі жер сілкіністерінің бірін бастап өткердік. Өкінішке орай, Хатай - бұл апаттан ең көп зардап шеккен және ең көп қираған және адам шығыны көп болған қалалардың бірі", - деді Түркия басшысы.

Ол 60-тан аса елдің түрлі көмек көрсетіп, осы қиын күндерде Түркияға қолдау көрсеткенін атап өтті. Ол бірінші болып жауап беріп, көмекке асыққан Әзербайжан, Израиль, Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт елдеріне алғыс айтты.