Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Елордалық өрт сөндірушілер тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтады

AstanaTV
09.02.2023ж. 15:26
1316
Елордалық өрт сөндірушілер тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтады

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, 9 ақпанда сағат 13-57-де Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Айнакөл көшесі, 149 мекен-жайына барған. 

Өрт сөндірушілер бес минутта жеткен. Алдын ала 200 шаршы метр аумақта жеке үйге бекітілген бір қабатты ТҚКС жанып жатқаны анықталды, сондай-ақ ТҚКС ішіндегі екі көлік толығымен өртеніп кетті. Өрт сөндірушілердің күшімен жақын маңдағы үйлерге өрттің таралуын болдырмауға мүмкіндік туды, өрт 14.44-те оқшауланды.