Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Оралдағы туристік фирмалар жағдай тұрақты деп отыр

AstanaTV
09.02.2023ж. 20:00
1400
Оралдағы туристік фирмалар жағдай тұрақты деп отыр

Бауырлас түрік еліндегі аласапыранға қарамастан, туристік агенттіктер жағдай тұрақты деп отыр. Мамандардың айтуынша, демалысын Түркияда өткізгісі келетіндердің қатары көбеймесе азаймаған. Жазғы демалыс маусымына қазірден дайындалып, бронь алып жатқандар көп дейді. Әрі туристік аймақ саналатын Анталия жағалауы мен Ыстамбұл зілзаладан зардап шекпеген. Ал саяхатшылардың дені осы өңірлерді таңдайтын көрінеді.

Гүлмира КАЖИАКБАРОВА, ТУРИСТІК АГЕНТТІКТІҢ БАСШЫСЫ:

Туристерде ешқандай пока отказ дейтіндей ондай ештеме болған жоқ. Сонымен қатар, кісілер бронировать етті. Бүгін үш отбасы келіп кетті таңертең. Пока ешқандай информация жоқ. Біз операторлардан тоже сұрап отырмыз. Все-таки Стамбұлда мынадай ситуация болып жатқан соң, рейстер отмена бола ма деп? Ондай ешқандай ештеме жоқ, ештеме айтпайды. Бәрі жақсы, пока успокойтесь дейді.

Е. Карин