Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Бүгін - ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні

AstanaTV
09.02.2023ж. 20:00
2833
Бүгін - ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Бүгін -ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Қазақ поэзиясында қайталанбас қолтаңба қалдырған жыр дүлдүлі тірі болғанда тоқсанның екеуіне келер еді. Амал не, ақын бар жоғы небәрі 45 жасында өмірден озды. Алайда, өмірден ерте өткенімен бүгінгі ұрпақтың өмірінен өшкен емес. Жер жерде жыл сайын мұзбалақ ақынның туған күні поэзияның туған күні ретінде аталып өтіледі.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай,

Мына адамдар неге жатыр тойламай.

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жатырпай қойғаны-ай...

Бүгін- қазақ поэзиясының мұзбағалы атанған Мұқағалидың өмір есігін ашқан күні. Бұл күн өлең сүйер қауымның ортасында үлкен мерекеге айналды. Кейінгі ұрпақ 9 ақпанды поэзияның туған күні ретінде атап кеткен.

Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ, АҚЫН, ҚЖО ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жасын сөздің жарқылы жасында өлең

Менде сендей өлеңнің басында өлем.

Жырларыңнан жүрегім жылу алып,

Қарасаздың сезеді тасын денем. - деген шумақ болатын.

Бұл өлең Мұқағалидың адалдығына тамсанып жазған дүние болатын. Мұқағалидай жырға адал болу, әдебиетке өлеңге адал болу бар ақынның арманы.

Ақынның жанды тербер өлеңдері әр қазақтың жүрегіндегі жара жазаны білді. Өзін іздеген жан әуелі Мұқағалидың поэзиясынан өзін тауып жататын күнге жетті. Ақын өзі де: «Мен – XXI ғасыр ұрпақтарының құрдасымын...» деуі бекер емес.

Еламан ҚАБДІЛӘШІМ, АҚЫН, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ақынның ақындығы атақта емес, ақынның ақындығы арда ғана деген өлең жолдары өмірлік кредома, өмірлік бағытқа айналған сөз деп білем. Мен бір кезде мынандай өлең жазғам: Өрелі өлең көсілді демен. Мен одан асқақ сезімді көрем. Мұқағалидың аманатына адал боламын сөзімді берем.

Өлең өлкесінде өшпестей із қалдырған Мұқағали жыры тілге жеңіл жүрекке жылы тиетінімен ерекше. Сол себепті де ақын өлеңін бесіктегі баладан, еңкейген қарияға дейін жатқа оқиды. Ақын үшін де бұдан асқан бақыт жоқ шығар.

Ө. Қуанар