Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Баспана бағасы неге қымбат?

AstanaTV
10.02.2023ж. 20:00
1537
Баспана бағасы неге қымбат?

Елімізде жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайды реттеп отыратын бірыңғай бағалау комиссиясын құру керек. Сондай-ақ, тұрғын үймен қамтуға арналған бағдарламалардың көбін қайта қарау керек дейді мамандар. Себебі жоғары пайыздық үстемақыны қарапайым халықтың қалтасы көтермейді. Баға неге жылдан жылға шарықтап барады? Тілшілер тарқатып айтады.

Мирас ЖОЛДЫБАЛИН, ТІЛШІ:

Өздеріңіз білесіздер, елордада құрылыс қарқынды. Былтыр елімізде 1540 көппәтерлі тұрғын үй салынған. Десе де, баспанаға қолы жетпей жүргендердің, тұрғын үй кезегінде тұрғандардың саны азаяр емес.

Айлығы шайлығынан аспайтын халықтың баспанаға қол жеткізуі қиындап барады. Мемлекеттік бағдарламалардың кезегінде кісі көп. 50 мың адам тұр қазір. Ал жылына мың адам ғана баспаналы болады.

Сапарбай ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

12-14 миллиондық үй жасайтын болсақ ал халықтың қолына тұрғын үйге деп біз өткен жылы, 2021 жылы алдыңғы жылы 3,5триллион ақшаны сол тұрғын үйге бердік.Қараңыздар сол кезде тұрғын үйге қарайтын 4-5 триллион ақша болатын болса, біз үстіне 3,5триллион бердікта,жаңағы тұрғын үйдің көлемі өзгерген жоқ,баға шарықтап екі есе өсіп кетті.

Былтыр сәуір айларында зейнетақы қорын пайдалануға болатын.Сол сәтте баспана бағасы біршама көтерілсе, мамыр айында қайтадан тұрақтаған. Ал биыл баспана бағасы 10-15 процентке өсуі мүмкін.

Гульнара ХУСАИНОВА, ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК МАМАНЫ:

Астанада жылжымайтын мүліктің бағасына көптеген фактор әсер етеді. Халық санының өсуі, инфляция, ішкі және әлемдік экономикалық мәселелер. Астанада үйдің бағасы жыл санап өсіп жатыр. Баспана құны түседі дегенге болжам жоқ. Егер доллардың бағасы көтерілсе, құрылыс материалдары қымбаттайды. Сондықтан үй бағасы да көтеріле береді.

Мирас ЖОЛДЫБАЛИН, ТІЛШІ:

Бұдан ең әуелі үйлі болу үшін жылдар бойы тірнектеп ақша жинаған қара¬пайым халық зардап шегеді. Сондық¬тан ат¬қарушы органдар нарықтағы ба¬ғаны ұстап тұрудың оңтайлы жолдарын қарастырса дейді мамандар. Әрі қарай атыраулық әріптесім Базаргүл Нәдірқызы жалғастырады.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Рахмет, Мирас! Жылжымайтын мүлік жөніндегі мамандар бірыңғай бағалау комиссиясын құру керек дейді. Болмаса, пәтер құнын жасанды көтеріп, ойына келген бағаны қою азаймайды,- деген пікірде. Оған мысал, Атырау қаласында жаңа пәтер құны былтырғы қаңтармен салыстырғанда 16 пайызға, ал қайта сату 17 пайызға қымбаттаған. Нарықта мұндай қымбатшылық соңғы бес жылда болмаған дейді мамандар.

Атыраулықтар мұнайлы өңірден баспана алу көрші облыстармен салыстырғанда едәуір қиын екенін айтады.

БЛИЦ:

- Атырауда все таки қымбаттау, Ақтауға қарағанда. Жаңа үйлер шаршы метрі 345, 350, 370, 420 теңге.

- Үй жалдап жүрген жастар бар. Бюджеттің айналасына жасағасын ала алмайды ондай. Сосын жалғызбасты аналар бар, үй жалдап жүрген. Балаларын әзер киіндіріп отырғанда олар үйді қалай алсын.

Елімізде пәтер құны құбылып тұр. Ұлттық Статистика бюросының ақпаратынша, бір жылда су жаңа пәтердің құны Ақтауда 28, Ақтөбеде 25, Петропавлда 21 процентке аспандаған. Қолданыстағы пәтерлер саудасы нарығында Семей 47, Қызылорда 39 , Ақтөбе 37 процентке шарықтапты.

Сергей НАЙДЕНОВ, ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЖӨНІНДЕГІ МАМАН:

Нарықтағы бағаның көтерілуінің басты себебі зейнетақы жинағын бергеннен басталды. Сол кезде пәтер иелері қаншаға болса да, алақайлап сатып алатынын білді. Сөйтіп, ойдан 2 миллион қосып жіберді. Сұраныс көп болған соң, бір-біріне қарап, 2-3 миллионға қымбаттатты. Бұл шын мәніндегі нарықтағы баға емес. Теңгерімсіздік басталды. Зейнетақы жинағымен пәтер сатып алғандар бір жылдай отырды да, тағы миллион қосып саттыққа шығарды. Яғни, қазір жасанды түрде бағаны көтеріп жатыр.

Сергей Найденовтың айтуынша, бағаны тұрақтандыру үшін адамдар кем дегенде 1 жыл пәтер сатып алуды тоқтату керек. Ал Үкімет мемлекеттік бағдарламамен салынатын үйді көбейтсін,- дейді

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ:

Жылжымайтын мүлік саласы мамандары қолданыстағы пәтерден гөрі, жаңа үй сатып алған пайыздық жағынан әлдеқайда қолайлы екенін айтады. Ал статистика бойынша елімізде тұрғын үйді жалға беруде сәл де болса арзандау байқалған. Алдыңғы аймен салыстырғанда 2,5 пайызға төмендеді.

М. Жолдыбалин