$510.06 €566.32 ₽6.32
×

14 207 кандидат ұсынылды

AstanaTV
10.02.2023ж. 20:00
1020
14 207 кандидат ұсынылды

Мәжіліс депутаттығына өз-өзін ұсынғандардың дені – Астанадан. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары айтты. Бас қаладан Мәжіліс сайлауына 69 кандидат ұсынылған. Ал ең аз көрсеткіш- Ұлытау облысында. Мұнда 8 үміткер бақ сынайды. Партиялық тізім бойынша кандидаттар тізім де дайын. Барлығы 283 кандидат ұсынылған.

Константин ПЕТРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы алғанда, Мәжіліс және Мәслихат депутаттығына 14 207 кандидат ұсынылып отыр. Оның 609-ы Мәжіліске, ал 11 844-Мәслихатқа үміткер. Бұл статистика әлі де азаюы мүмкін. Өйткені сайлау жарнасын төлеу қажет. Ол жарна егер кандидат депутат болып сайланса, 5 пайыз дауыс жинағанда не қайтыс болғанда қайтарылады.