Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ақтауда зорланған 6 жасар қыз аса ауыр жағдайда Астанаға жеткізілді

AstanaTV
29.08.2016ж. 20:00
2439
Ақтауда зорланған 6 жасар қыз аса ауыр жағдайда Астанаға жеткізілді

Ақтауда зорланған 6 жасар қыз бүгін санавияциямен Астанаға жеткізілді. Оның денсаулығы әлі де «ауыр жағдайда», - дейді мамандар. Ақтауда жоғалып кеткен бүлдіршін жағажай маңынан аса ауыр жарақаттармен есінен танған күйі табылған еді. Көп қан жоғалтып, орталық ми жүйесі қатты зақымдануына байланысты, сәби, арада 9 күн өтсе де, әлі де өз - өзіне келмеген. Өкпесіне жасанды вентиляция аппараты қосылып, сол арқылы тыныстап жатқан көрінеді. Қазір аталмыш орталық мамандары Кэмбридж және Вена университетінің профессорларымен пікір алмасып, әр қадамды мұқият жасап отырмыз, - дейді. 

Болат Жұбаниязов, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының анестезиолог-реаниматолог дәрігері:

Диадинамикасы қалыпты, жүрек қағысы, тамыр соғуы, бәрі дәрі-дәрмекпен. Емдеудің кешенді жоспары күндегі жағдайына байланысты өзгеріп отырады, қарқынды ем алып жатыр деген сөз. Жасап жатқан ем адекватты болатын болса, үміт бар.

Ал, бұған дейін Маңғыстау облысының әкімдігі күдіктіні тапқан адамға 3 млн теңге сыйақы берілетінін хабарлады. Кәсіпкерлер де айуан жайлы ақпарат берген адамға 100 мың теңге сыйақы ұсынған болатын.