«Нұр
Отан» партиясының «Қоғамдық қабылдауы» жалғасты. Бүгін жұршылықпен Қазақстан
халқы ассамблеясы атанына сайланған Мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов ашық
есік күнін өткізді. Айта кетсек, «Нұр Отан» партиясының республикалық және
облыстық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелері Қазақстан халқы ассамблеясымен өзара бірлесіп, аймақтар «Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні»
атты акциясын өткізіп келеді. Акцияға халық қалауларынан бөлек, өңірлік
ассамблея басшылары және ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері қатысып,
азаматтардың сұрақтарына жауап беруге шақырылған. Бұл сол шараның аясында ұйымдастырылып
отырған кездесудің бірі. Бүгінгі қоғамдық қабылдауға келгендер Сауытбек
Әбдірахмановқа біршама әлеуметтік жағдайларын да айта келіпті. Депутат азаматтарға
барынша қол ұшын созып, көмек беруге әзір екенін жеткізді.
Сауытбек
Әбдірахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұрын
да осындай қабылдауларды өткізіп жүрмін, бірақ бұл жолғы қабылдаудың ерекшелігі - ҚХА сайланған депутат ретінде осы ассамблеяның жұмыстарына қатысты мәселелер
келетін сайлаушылар көбейе түсті. Сонымен бірге жұмысқа орналасу жөнінде, таза
адамдық ұсыныстармен келген кісілер де бар. Немересін мектепке орналастыру
жөнінде.
«Нұр
Отан» партиясына деген ел сенімі жылдан жылға артып келеді. Мәселен, биылғы 7
айда Астанада 300-ге тарта қоғамдық қабылдау өткен. Соның 57-сі мәжіліс
депутаттарымен өткізілген. Нәтижесінде 100 мыңнан астам өтініш қаралды. Әрбір
бесінші мәселе оң шешімін табуып отырған. Жалпы партия қоғамдық
кездесулерді жиі ұйымдастырады.
Азаматтарға арнайы кеңес беру үшін
мемлекеттік орган өкілдері мен заңгерлер де шақыртылып тұрады.