$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылорда облысында апатты жағдайдағы мектептер мәселесі 2017 жылы түбегейлі шешіледі

AstanaTV
29.08.2016ж. 20:00
2583
Қызылорда облысында апатты жағдайдағы мектептер мәселесі  2017 жылы түбегейлі шешіледі

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Талап ауылында жаңа мектеп ашылды. Кең әрі жарық ғимаратта замануи компьютерлерге дейін қойылған. Мұнда 100 шақты бала білім алмақ. Бұл мектепті ауылдағылар көп күткен еді. Қолда бар материалмен салынған бұрынғы білім ошағы апатты жағдайда тұрған болатын. Енді оқушылардың қуаныштарында шек жоқ.

Дина Әшірбай, Талап ауылы № 254 орта мектеп оқушысы:

Бұрынғы мектепте домбыра сияқты үйірмелер ашылмаған еді. Ән айту, спорт, тігін тігу үйірмесі, қыздарға және ұлдарға әртүрлі көптеген үйірмелер ашылған.

Осыдан 3 жыл бұрын 36 білім беру нысаны ресми түрде апатты деп танылған болатын. Бүгінгі күні олардың 22-сі жаңа ғимараттарға ауыстырылған. Биыл екеуі ашылып отыр. Қалғандарының орнына жаңа нысандарды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салуға шешім қабылданған болатын. Бірақ қаржылық қиындықтарға байланысты кәсіпкерлер мүмкіндігі болмай отыр. Сондықтан облыстық бюджеттен қаражат бөлу туралы шешім қабылданған.

Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі:

Облыстық бюджеттен қаражат бөліп, биыл бес мектепті, қалған алты мектепті 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында іске асырамыз деп отырмыз. Сонымен Елбасының Үкіметке, әкімдерге білім саласына берген үш тапсырмасы бар. Үш аусымдық мектептер мәселесін біз 2014 жылы түбегейлі шештік. Өткен жылы балабақшамен қамту деңгейін 100 пайызға жеткіздік. Аманшылық болса, ендігі жылдың бірінші жартыжылдығында апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі де өз шешімін табады. 

Шарипа САҚТАПОВА