Маңғыстау облысында екі адам жол апатынан қаза тапты.
11 ақпан сағат 13:30 шамасында Ақтау-Баянды тас жолының 11 шақырымында Nissan Altima автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылу маневрін жасау кезінде Mercedes-Benz автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан оқиға орнында Nissan Altima автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан қаза тапты.
Бұл дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.