$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жамбылда сұйытылған газ тапшы болғандықтан кейбір газ құю бекеттері жабылып жатыр

AstanaTV
13.02.2023ж. 20:00
1454
Жамбылда сұйытылған газ тапшы болғандықтан кейбір газ құю бекеттері жабылып жатыр

Жамбылда көлікке құятын сұйытылған газ жетіспей жатыр. Аймаққа тым аз мөлшерде келгендіктен газ құю бекеттерінің көбі жабылып, ондағы қызметкерлер қысқартылуда. Кәсіпкерлер бұл жағдайға жергілікті билікті кінәлайды. Оған не себеп? Өңірдегі тілшіміз Берік Жұмабайдың бейнематериалы.

Айтқан ӘШІРОВ, ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Қай заправкаға барсақ, по талону деген әңгіме болады. Сұрап іздеп жүреміз. Тараз қаласында осындай жағдай. Өзім осы жерден құямын. Бірақ қазір по толону деп жалынсаң да құймайды.

Такси жүргізушілері күн көрісті ойласа, қысқартуға кетіп жатқан қызметкерлер бала-шағамызды енді қалай асыраймыз дейді.

Мейірбек ҚОЙШЫБАЕВ, ГАЗ ҚҰЮ БЕКЕТІНІҢ ОПЕРАТОРЫ:

Жұмыссыз қалып жатқандар бар, бәрі бала шаға бағып отыр. Кредиттері бар.

Әлімжан БАЙМАХАНОВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:

Қазір мен ақысыз демалыстамын. Айлық жоқ, жұмыс жоқ мысалға. Өйткені мен таситын газ жоқ. Бір ай болды. Менің демалысқа кеткеніме. Ертең тағы бір айға кетемін, сол кезде менің бала-шағамды кім бағады?

Кейбір газ құю бекеттері жұмысын тоқтатты. Кәсіпкерлер жергілікті шенділерді кіналайды. Әлеуметтік газды тең бөлмей отыр дейді.

Гүлжамал БАШЫҒҰЛОВА, ГАЗ ҚҰЮ БЕКЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Оншақты заправкасы барларға 1000 тонна береді. Олар мың тоннаны бір айда сата алмайды. Жамбыл облысының тұтынушылығына байланысты. Олар оптовый сатады, үстіне баға қосып. Менің ойымша ол әділетсіз.

Энергетика басқармасы мұны жоққа шығарды. Олар газ министрлік бекіткен талаппен таратылады дейді.

Мәулен ҚОЖАҚОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бұл бойынша «Атамекен» топливный ассоциациямен бірлесіп, ұсынысты беріп жатырмыз. Жақын арада энергетика өз бұйрықтарына өзгерістер енгізуді жоспарлауда. Сол кезде айтқан ескертпелер енгізілген кезде тек қана көтерме сауда есептеуді алған кезде бұл кісілерге көбірек бөлінеді деп ойлаймыз.

Ал келер айда Шымкенттегі газ өңдеу зауыты күрделі жөндеуге жабылмақ.

Б. Жұмабай