Президенттің тапсырмасына сәйкес биылдан бастап құтқарушылардың еңбекақысы 10-нан 70 пайызға дейін көтеріледі.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында айтылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Азаматтық қорғау академиясы – төтенше жағдайлардан қорғау саласы бойынша маман даярлайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны.
Соңғы уақытта 569 курсант күндізгі бөлімде, 161 курсант қашықтан оқу бөлімінде білім алып жатыр. Сондай-ақ 168 курсант шетелдік салалық жоғары оқу орындарында оқиды.
Академия жыл сайын 150-ден астам офицер даярлап шығарады.
Осыған дейін Мемлекет басшысының жұмыс сапарымен Ақмола облсына барғанын жаздық.
Ақмола облысында Мемлекет басшысы Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына барды.
Сондай-ақ Президен Үкіметке Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде тапсырма берді.