$498.34 €519.72 ₽4.85
×

2022 жылы еліміз бойынша 7618 үйірмеде 253 мыңнан астам адам жүйелі түрде шахматпен айналысты

AstanaTV
14.02.2023ж. 15:43
993
2022 жылы еліміз бойынша 7618 үйірмеде 253 мыңнан астам адам жүйелі түрде шахматпен айналысты

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Халықаралық шахмат федерациясының президентімен кездесіп, Астанада өтетін әлем чемпионатын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

"Сондай-ақ Қазақстанда FIDE қамқорлығымен өзге де іс-шараларды өткізу талқыланды. Мысалы, әлемнің үздік жасөспірімдерінің қатысуымен өтетін турнир және қазақстандық жас шахматшыларды тарта отырып өткізілетін іс-шаралар. Бұл біздің кішкентай чемпиондарымыз үшін құнды тәжірибе болар еді", - деді Асхат Оралов.

Оның айтуынша, FIDE таңдауы біздің елге кездейсоқ түспеген. Еліміз бүгінгі таңда тура мағынада нағыз шахмат бумын бастан кешіп жатыр. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі шахмат қозғалысының дамуын жеке бақылауда ұстауда. 2022 жылы еліміз бойынша 253 мыңнан астам адам 7618 секцияда шахматпен жүйелі түрде айналысты. Жаңа оқу жылының басынан 28 мыңға жуық баланы қамтыған 654 мектепте «Шахмат» пәні факультатив ретінде енгізілді.


"Қазақстандық жас шахматшылар да әлемнің үздіктері қатарында - Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева және басқа да спортшылар тарихқа өз есімдерін жазып үлгерді.

Күзде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев FIDE басшысымен кездесіп, еліміздің халықаралық шахмат Федерациясымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Біз осы бағытта жұмысты жалғастырамыз", - деп жазды Асхат Оралов әлеуметтік желідегі парақшасында.