$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«BAQYLA» қоғамдық қозғалысы 25 қалада 3 мыңға жуық сайлау учаскесін бақылайды

AstanaTV
14.02.2023ж. 20:00
1639
«BAQYLA» қоғамдық қозғалысы 25 қалада 3 мыңға жуық сайлау учаскесін бақылайды

Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау барысын «Baqyla» қоғамдық қозғалысының байқаушылары бақылайды. Тәуелсіз бақылаушылар 25 қаланың 3 мыңға жуық учаскесін қамтиды. Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған кез келген азаматы бақылаушы бола алады. «Азаматтар сайлауды бақылауға қатысу арқылы өздерінің азаматтық-саяси көзқарастарын қалыптастырады», - дейді сарапшылар. Сондай-ақ олар сайлау процесінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етеді. Бақылау желілерінің басшылары мен өңірлік үйлестірушілеріне сайлау процесін бақылау теориясы мен практикасы бойынша арнайы курстар ұйымдастырылады.

Дос КӨШІМ, САЯСАТТАНУШЫ:

Бақылаушыларды оқытудың 2 түрі бар. Біреуі – онлайн оқытылады кейбір жерлерде. Кейбір уақыттарда үлкен жоғарғы оқу орындары болса – тікелей оқытамыз. Әрине, бетпе-бет оқыған жақсы. Себебі, ол жерде интерактивті көрсете аласың. Мысалы, мына жерде былай отырады, бюллетеньді былай береді, есептегенде былай болады деп көрсету керек.

М. Жақан