Қарағандыда
Қазақстанның үздік тауарларының көрме-байқауы өтті. Байқауды Ұлттық кәсіпкерлер
палатасының аймақтық филиалы мен облыс әкімдігі ұйымдастырды. Көрмеге
86 кәсіпорын қатысты. Олар құрылыс материалдары мен тұрмыстық тауарлар,
сондай-ақ, азық-түлік өнімдерін шығарады. Заманауи арнайы және ұлттық киім
тігетіндер де бар. Жергілікті кәсіпкерлер мен қолөнершілер ЭКСПО туристеріне
арналған ұлттық сувенирлерін де көпшілік назарына ұсынды. Дегенмен, жеңіс
"Балқаш нан" зауытына берілді. Бұл кәсіпорын халықаралық
стандарттарға сай нан өнімдерінің 80-нен астам түрін шығарады.
Айгүл
Бүрленова, «Пульс Балқаш нан комбинаты» ЖШС директоры:
Тағы
да зауытты үлкейтеміз. Үлкен қалаларда ашамыз - Қарағанды, Астана. Нан өінімінің
көлемін ұлғайтамыз. Диеталық, адам ағзасына пайдалы нан өнімдерін ұлғайтамыз.
Құрамында зығыр, күнбағыс, жаңғақ қосылған нандарды неміс, француз, фин
технологиясымен шығарамыз.
Айжан ҚУАШ