Оңтүстікқазақстандықтар
бүгін қазақтың «күміс қызы» Жазира Жаппарқұл мен Рио Олимпиадасында ел
қоржынына алғашқы медальді салған Галбадрах Отгонцэцэгке қошемет көрсетті. Қос спортшыны қабылдаған облыс әкімі Нұрсәт шағын ауданынан су жаңа
пәтер кілттерін табыстады.
Сый-құрмет мұнымен шектелмеді. Жазира мен
Галбадрахқа бір-бір аппақ темір тұлпар мінгізді. Екі жылдан бері әкесінің
көлігін айдап жүргенін жасырмаған Жазира әп дегеннен жол талғамайтын «Toyota
Land Cruiser 200» маркілі көлігін оталдырып көрді. Ақ боз атты өзі мініп,
пәтерді ата-анасына сыйлайтынын айтты.
Жазира
Жаппарқұл, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері:
Енді
менің арманым - осы 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадада елімнің үмітін ақтап,
Елбасым үшін, елім үшін, Отаным үшін бар мүмкіндігімді қолда бар, жаттығуымды
істеп, елімнің үмітін ақтап, ел үшін
Алтын медаль алып келуге бар күшімді саламын.