$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Теңге күрт нығайды

AstanaTV
15.02.2023ж. 16:06
2088
Теңге күрт нығайды

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 3,48 теңгеге арзандап, 447,29 теңге болғанын мәлімдеді. 

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 65,60 теңге (-0,64) болды.

Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк – 485,41 теңге, рубль бағамын – 6,11 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар – 447-451 теңге, еуро – 479-484 теңге, ресей рублі – 5,9-6,15 теңге аралығында сатылып жатыр.

15 ақпандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны 1,20%-ға арзандап, барреліне 84,55 доллар болды.