«Бірыңғай сатып алу терезесі» жобасын іске асыру аясында 7 миллиард теңгеден астам қаражат үнемделді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Қоғамдық Кеңесінің 1-ші көшпелі отырысында айтылды. Отырыс кезінде Агенттік пен азаматтық сектордың бірлескен жұмысының нәтижелері таныстырылды. Қоғамдық кеңестің қатысуымен Алматы қаласының сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы бойынша жұмыс топтары құрылған. Аталмыш картаға 6 сала кіреді. Ол- құрылыс және тұрғын үй, экономика және қаржы, экология, жер, фискалдық және әлеуметтік сала. Кеңес мүшелері анықталған бірқатар заңбұзушылықтарды атап өтті.
Дидар СМАҒҰЛОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:
Алматы қаласы бойынша 2-3 кейс болған өткен жылда. Біз оған Антикордың, жергілікті атқарушы органдардың назарын аудардық. Ол – 202-ші мектеп-гимназия. 2 жыл бұрын берілген. Бірнеше миллиард теңге жұмсалған оған. Құрылыс кезінде және сатып алынған техниканың айырмашылығы 100 млн теңге құжаттармен салыстырғанда. 10 ақпанда тексеріс басталды.
Ұйымдастырушылар алдағы уақытта агенттіктің көшпелі отырыстарын еліміздің басқа да өңірлерінде өткізуді жоспарлап отыр.
Жігер БАЙДІЛДИН, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ПРЕВЕНЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл жиынның мақсаты – агенттікпен кешенді сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша іс-шараларымызды көрсету. Қоғам белсенділерінен ұсыныстар қабылдау болып табылады. Біз белгілі бір кәсіпкерлердің қиындықтарын шешумен ғана емес, ол қиындақтарға алғышарт болған себеп-салдарды жою үшін мониторингімізді жүргізіп отырмыз.
М. Жақан