$480.11 €532.25 ₽5.14
×

Елордалық жастар ауған соғысының ардагерімен кездесті

AstanaTV
15.02.2023ж. 20:00
619
Елордалық жастар ауған соғысының ардагерімен кездесті

Елордалық жастар ауған соғысының ардагерімен кездесті. Жиынды «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырды. «Қайсар» әскери-патриоттық жобасы аясында өткен кездесуде өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағын оқ пен от арасында өткізген Сәрсенхан Әзімбайұлы өз естеліктерімен бөлісті. Ұлтты сүю, елге қызмет ету – әр адамның азаматтық борышы екенін айтты.

Сәрсенхан ӘЗІМБАЙҰЛЫ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

Болашақ жастарда ғой. Жастар біздің жолымызды жалғастырса. Біз өзіміз мектеп оқып жүргенде Ұлы Отан соғысынан бір ардагер келсе, медаль ұстап, қолынан ұстап, сол кісіге қарап өстік қой. Енді қазіргі жастар бізге қарап өсу керек. Жаңа Қазақстан сендердің қолда. Ол үшін жақсы оқып, өздеріңді дайындаңдар. Өз жеріңді, еліңді қорғауға дайын борлыңыдар деп айтып жатырмыз.

А. Задабек