Орал қаласында жоғалып кеткен оқушы қыз бес күннен кейін аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
14 жастағы жасөспірім 10 ақпан күні шамамен сағат 22.00-де үйінен шығып кеткеннен кейін оралмаған еді.
Зарина Нығметова қаладағы №34 орта мектепте оқиды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, іздестіру іс-шаралары барысында қыз 15 ақпан күні сағат 18.00-де табылды.
«Ол Зачаган кенті Сарытау шағын ауданындағы достарының үйінде болған. Аман-сау», - деп хабарлады ведомстводан.