$481.19 €538.45 ₽5.18
×

Түркияда жүрген астаналық құтқарушының сәбиі дүниеге келді

AstanaTV
16.02.2023ж. 10:48
808
Түркияда жүрген астаналық құтқарушының сәбиі дүниеге келді

Түркияда жүрген астаналық құтқарушының сәбиі дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркияда жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысып жатқан елордалық жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Рахметов Олжастың төртінші баласы дүниеге келді.

«Олжас 1994 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Елордалық ТЖ департаментінде 2022 жылдан бастап өзінің біліми әрекеттерімен кәсіби маман ретінде көрсете білді. Жұмыстағы жоғары көрсеткіштері мен үлгілі қызметі үшін бірнеше ведомстволық марапатқа ие болған. Біздің құтқарушымызды сәбиінің өмірге келуімен шын жүректен құттықтай отырып, анасы мен қызына зор денсаулық, ал Олжасқа елімізге, отбасына аман-есен оралуын тілейміз», - делінген Астана қаласы ТЖД хабарламасында.