$541.18 €636.05 ₽6.52
×

Қар көшкінінен 15 адам қаза тапты

AstanaTV
16.02.2023ж. 20:00
Қар көшкінінен 15 адам қаза тапты

Тәжікстанда қар көшкіні салдарынан қаза тапқандар саны 15-ке жетті. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің мәліметінше, Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялық облысының Хорог қаласында қар көшкіні жүрді. 15 адам қайтыс болған, 12 адам жарақаттанған. Құтқарушылар тоғыз адамды аман алып қалған. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия келтірілген шығынды анықтап жатыр. Синоптиктердің болжауынша, қар көшкіні қаупі 2023 жылдың 19 ақпанына дейін сақталады.