$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстан мобильді интернет ең арзан елдер қатарына енді

AstanaTV
17.02.2023ж. 11:50
1106
Қазақстан мобильді интернет ең арзан елдер қатарына енді

Қазақстан мобильді интернеті ең арзан елдер қатарына кіреді. Елімізде 1Гб мобильді интернеттің орташа құны небәрі 0,37 АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінде интернет электр, жылу, су, газ секілді басты қажеттіліктің біріне айналды. Мобильді интернет құны тұтынушыларды толғандыратын жәйттердің бірі.

Британдық Cable талдау ресурсының мәліметінше, өткен жылы 1 Гб мобильді деректердің орташа құны бойынша 233 елдің ішіндегі Израиль (0,04 $), Италия (0,12 $), Сан-Марино (0,14 $), Фиджи (0,15 $) және Үндістанда (0,17 $) ең арзан болып шықты.

Қазақстан - ең арзан мобильді интернеті бар елдердің қатарына кірді. Елімізде 1 Гб мобильді интернеттің орташа құны небәрі 0,37 АҚШ долларын құрады.

Зерттеу көрсеткендей, инфрақұрылымы жақсы жолға қойылған елдер ранкингтің «арзан» бөлігінде орналасқан. Талшықты-оптикалық желілер және дамыған мобильді және кең жолақты инфрақұрылым абоненттерге трафикті төмен бағамен ұсынуға мүмкіндік береді.

Ресейде 1 Гб мобильді интернеттің орташа құны 0,48 АҚШ доллары, Германияда — 2,67 доллар, Португалияда — 3,67, Жапонияда — 3,85 доллар, АҚШ-та-5,62 долларды тұрады.

Қазақстанда мобильді интернет құны әлемдегі ең төмен бағалардың бірі ғана емес, жылдық динамика жағынан алғанда да қысқарған.

Cable мәліметтері бойынша, 2021 жылы Қазақстанда 1 Гб мобильді интернеттің орташа бағасы 0,59 АҚШ долларын құрады. 2019 және 2020 жылдары бұл көрсеткіш 0,49 және 0,46 долларға түсті.