Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қарағандыда асфальт опырылып, екі көлік шұңқырға түсіп кетті

17.02.2023ж. 20:00
1277
Қарағандыда асфальт опырылып, екі көлік шұңқырға түсіп кетті

Қарағандыда тағы құбыр жарылып, аққан су асфальтты опырып жіберді. Екі жеңіл көлік шұңқырға түсіп кетті.

Куәгерлердің айтуынша, түннен бері аққан су жолды шайып кеткен. Ылғал топырақ машинаның салмаған көтере алмаған. Екі көлік те бүлінген. Бұл- Қарағандыдағы ең үлкен көше. Қазір апатты аумақ қоршалып, судан тазартылғанмен, қоғамдық көліктерге кедергі келтіруде.

Нұрхан ӘБЕНОВ, АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ:

Майқұдықтың жолдары быт- шыт болды, қанша қиналдық. Бізге машинаның бір жері қираса оны мойнымызға іліп береді бүкілін. Ана жақтарды қазып жатыр, көктемде ол қайтадан түсіп кетеді. Қайтадан жол жөндейді, каждый жыл сайын ғой жолды шұқылай береді, салады қазады. Не іздейтіндерін білмейміз ғой.

«Қарағанды Су» мекемесінің басшылығы екі жүргізушінің шығынын сотқа жеткізбей, толық өтеп беретіндерін айтты. Алайда апатты жою жұмыстары әлі жалғасуда. Қалада бірнеше көшеде суық су жоқ.

Кенжан ДАУЫЛБАЕВ, «ҚАРАҒАНДЫ СУ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Құбырларда апаттардың көбею себебі көктемде топырақтың қозғалысымен байланысты. Жолдар қардан тазартылып отыратындықтан мұнда топырақтың қату тереңдігі газон немесе даламен салыстырғанда анағұрлым терең. Соған байланысты автожолдардың астындағы қатқан топырақтан құбырларға қысым болады. Қазір топырақтың тереңдігі 2 метрден асады.