Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Құтқарушылар бүгін елге қайтады

AstanaTV
18.02.2023ж. 08:27
1321
Құтқарушылар бүгін елге қайтады

Түркияда болған алапат жер сілкінісінен кейін іздеу-құтқару жұмысымен айналысқан қазақстандық құтқарушылар елге қайтады.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылардың бірінші эшелоны Түркиядан Алматы қаласына 2023 жылғы 18 ақпанда сағат 23.10-да келеді. Қазақстандық құтқарушылар Түркияда үйінді астынан 88 адамның денесін шығарды және 7 адамды құтқарды.

Ибрахим КҮЛШІМБАЕВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қолымыздан келгенше күшіміздің бәрін салдық. Күн-түн демей кезекшілікке бөлініп құтқарушыларымыз жұмыс істеп жатыр. Өте қауіпті жұмыс екенін өздеріңіз көріп тұрсыздар. Басқа мемлекеттердің, осы Түрік елінің құтақрушыларының да жарақат алғанын көріп жатырсыздар. Тәртіптің арқасында осы жұмысты аман-есен аяқтап жатырмыз.