Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Ақтауда теңіз жағалауынан ірі жыртқыш балық табылды

AstanaTV
01.09.2016ж. 20:00
6313
Ақтауда теңіз жағалауынан ірі жыртқыш балық табылды

Ақтаулық тұрғындар Каспий жағалауынан бірегей балықтың өлексесін тапты. Ірі жыртқыш теңіз балығы - тұтасқанат Каспий теңізінде тіршілік етпейді. Өйткені олар тек тұщы суда ғана өмір сүреді, - дейді экологтар. Бүгінде скаттың теңізге қайдан келгенін ешкім айта алмай отыр.

Болжамдардың қатарында, Каспийге келетін кемелермен бірге келуі мүмкін деген нұсқа да бар. Сондай-ақ, жыртқыш балықты броконьерлер босатып жіберуі де ықтимал. Өйткені бірнеше жыл бұрын олар дәл осындай эксперимент акулаға жасалғанын айтады. 

Кирилл Осин, «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекеменің басшысы:

Бұл нұсқа ақиқаттан алшақтау. Десе де, тұтасқанат аквариумда тіршілік етуі мүмкін. Алайда, ондай ірі балықты ұстау үшін үлкен аквариум керек. Меніңше, қалада мұндай экзотикалық балыққа арналған аквариум жоқ. Тұтасқанаттың бұл жаққа келуінің түсінікті әрі шынайы нұсқасы - ол кемелермен келетін су болуы әбден мүмкін.  

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ