$521.81 €543.67 ₽5.05
×

Жасы жетпіске таяған әйелдің үйін сатқызып, 14 млн теңгесін алып кеткен

AstanaTV
18.02.2023ж. 11:59
1038
Жасы жетпіске таяған әйелдің үйін сатқызып, 14 млн теңгесін алып кеткен

Жасы жетпіске таяған шымкенттік әйелдің үйін сатқызып, 14 млн теңгесін алып кеткен тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Шымкентте болған. әл-Фараби ауданы полиция бөліміне арызданған жетпіске таяған әйелдің айтуынша, бейтаныс адам банктердің бірінен 480 000 теңге несие рәсімдеп беретінін айтып, сеніміне кірген. Өзіне тиесілі үйін де 14 млн теңгеге сатқызып жіберген. Ал түскен қаржыны алаяқтық жолмен иемденіп кеткен.

Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі - 14 млн 480 мың теңге. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Жедел іздестіру шараларының арқасында күдікті бір тәулікте қолға түсті. Ол Павлодардың 36 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған.