$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Былтыр дағдарыс орталықтарына 9 мыңнан астам тұрмыстық зорлық құрбаны жүгінді - ІІМ

AstanaTV
20.02.2023ж. 13:08
875
Былтыр дағдарыс орталықтарына 9 мыңнан астам тұрмыстық зорлық құрбаны жүгінді - ІІМ

ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек дәстүрлі брифинг барысында әйелдерге көрсетілген тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткіштерін атады.

«Өткен жылы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің инспекторлары сенім телефондары арқылы 27 мыңнан астам әйелге кеңес берді, өмірлік қиын жағдайға тап болған 9 мыңнан астам зардап шеккен адам дағдарыс орталықтарына жүгінді», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Ол атағандай, дағдарыс орталықтарының сенім телефондарына 5 мыңға жуық қоңырау түскен.

«Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің инспекторлары баспанаға 3 мыңнан астам адамды орналастырды.Сондай-ақ әйелдерге 9 мыңнан астам кеңес берілді, оның 5,5 мыңнан астамы полицияға жүгінді. Нәтижесінде 22 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 4731 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Тұрлыбек.