$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматы облысында отыз мыңнан астам тұрғыны бар ауылды су басты

AstanaTV
21.02.2023ж. 10:09
876
Алматы облысында отыз мыңнан астам тұрғыны бар ауылды су басты

Алматы облысына қарасты Ұзынағаш ауылында 50 шақты үйдің ауласын су басты. Тасқын су тіпті кей баспаналардың ішіне де кірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Толассыз жауған жаңбыр мен еріген қар суы ондаған көшені де шайып кетті.

Амалдың жоқтығынан тұрғындар қолдан жасалған соқпақпен жүріп-тұруға мәжбүр. Қызыл су, тіпті, үйлерге кірген. Салдарынан біршама отбасы баспаналарын тастап кеткен.

"Жағдайды қалыпқа келтіруге аудандық ТЖБ мамандары мен әскерилерді қоса алғанда 30 адам және 8 техника жұмылдырылған. Бірақ, бұл 30 мыңнан астам халқы бар Ұзынағашты қызыл судан арылтуға жеткіліксіз. «Сондықтан баспаналары мен аулаларын су шайған тұрғындар тағы бірнеше күн күтуі керек", - деді аудан әкімінің орынбасары.

Өйткені, техника таудан келетін судың арнасын бұрумен әлек.

Ұзынағаш ауылында ағынды суларға арналған 30-дан астам арық бар. Бірақ, оның басым бөлігі тазартылмаған. Қазір 5 насоспен ауылдағы суды сорғызу жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындарға келген шығын әлі есептелмеген, ал зардап шеккендердің мүлкі өтеле, өтелмей ме ол жағы да әзірге белгісіз.