Өзбекстан президенті Ислам Каримов хәл үстінде жатыр. Бұл туралы біздің арнаға телефон
арқылы Өзбекстан министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады. Бүгін
өзбекстандық және әлемдік ақпарат құралдары ел билігі мемлекет басшысын
жерлегелі жатыр деген ақпарат таратты. Тіпті өзбекстандық Ферғана порталы Ислам
Кәрімовтің ертең жер қойнына тапсырылатынын хабарлады. Рейтерс агенттігі үш дипломатиялық дереккөзге
сүйеніп, Кәрімовтің қаза болғанын жазды.
Uzmetronom.
ақпарат құралы Ресей басшысы Владимир Путин мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон
Керри Өзбекстанға шұғыл сапармен барады деп жазды. Ал Риа новостидің
хабарлауынша, Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым қазаға қатысты көңіл
айтып та үлгерген.
Өзбекстан
министрлер кабинетінің баспасөз қызметі:
«Өзбекстан
министрлер кабинетінің ақпараттық хабарламасы. Бұған дейін хабарланғандай,
біздің мемлекет басшымыз Ислам Абуғаниевич Кәрімов өткен сенбіде инсульттан соң
аураханаға жатқызылды. Өткен тәулікте президенттің жағдайы ауырлап кеткенін
қинала хабарлаймыз».