$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Университет түлектері кейбір мемлекеттік қызметке іріктеусіз орналаса алады

AstanaTV
22.02.2023ж. 16:38
1131
Университет түлектері кейбір мемлекеттік қызметке іріктеусіз орналаса алады

Мемлекеттік грантпен оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер аудан мен ауылдардағы төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Мемлекеттік грантпен қазақстандық оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер аудан мен ауылдардағы төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалады. Олар аудан немесе облыстық маңызы бар қала әкімі және мәслихат аппараттарының төменгі лауазымына, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы емес лауазымына тағайындала алады. Сонымен қоса, олар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысынан басқа қызметтерге, орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің және облыстық маңызы бар қаладағы басшылық етпейтін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналаса алады», - деп тоқталды ол.

Азамат Жолмановтың айтуынша, бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандарды аудан мен ауылдық аймақтарға тартуға, өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға ықпал етпек.