$513 €541.16 ₽4.69
×

Пәкістанның 9 азаматы Қазақстанға заңсыз өтпек болды – ҚР ҰҚК Шекара қызметі

AstanaTV
23.02.2023ж. 11:18
1143
Пәкістанның 9 азаматы Қазақстанға заңсыз өтпек болды – ҚР ҰҚК Шекара қызметі

ҚР ҰҚК Шекара қызметі қазақстан-қырғызстан мемлекеттік шекарасы арқылы Пәкістанның 9 азаматы елге заңсыз өтпек болғанын мәлім етті.

«2023 жылғы 15 ақпанда ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері ҰҚКД және Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, қазақстан-қырғызстан мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасына заңсыз өтпекші болған Пәкістан Ислам Республикасының 9 азаматын ұстады», - делінген хабарламада.

Ұсталындарға қатысты құзырлы орган сотқа дейінгі тергеуді бастады.