$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Қазақстаннан Түркияға тағы екі ұшақ гуманитарлық көмек жеткізіледі

AstanaTV
23.02.2023ж. 17:35
967
Қазақстаннан Түркияға тағы екі ұшақ гуманитарлық көмек жеткізіледі

Елордадағы елшілікте өткен брифингіде Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи Қазақстан тарапынан қандай гуманитарлық көмек көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Үкіметі ұсынған 55 тонна гуманитарлық көмек өткен демалыс күндері жер сілкінісі болған аймақтарға жеткізілді. Біздің елшілік пен бас консулдыққа еріктілер әкелген жүктер елімізге жіберілді және апаттан зардап шеккендерге табысталды. Жиналған қосымша гуманитарлық көмек ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұлан бөлген ұшақтармен біздің елге жеткізіледі. Бүгін Астанадан дәл осы Ұлттық ұланға тиесілі алғашқы ұшақ ұшып шықты. Ертең Алматыдан тағы бір ұшақ Түркияға жіберіледі. Осы заттарды қосқанда Қазақстаннан 250 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтіледі», - деп тоқталды Уфук Екиджи.

Ол қазіргі таңда зілзаладан зардап шеккен 1,6 млн Түркия азаматының баспана мәселесі шешілгенін мәлімдеді.

Сонымен қоса, бүгінге дейін жер сілкінісінен қираған және құлау алдында тұрған 156 мың ғимарат анықталған.

Бұған қоса, Түркия халқы жетім қалған балаларды асырап алуға ниет білдіріп жатыр.

Еске салайық, 6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.