Қос азаматтығы бар азамат СҚО-дан шығарылды. 20 ақпаннан бастап көші-қон қызметінің қызметкерлері “Мигрант” жедел-алдын алу іс-шарасы режимінде жұмыс істеп жатыр. Оның мақсаты – көші-қон заңнамасын бұзушылықтардың жолын кесу. 3 күн ішінде құқықтық тәртіп сақшылары СҚО-да басқа мемлекеттердің азаматтары тарапынан 45 бұзушылықты анықтады. Екі жағдайда бұл Қазақстанның визалық режимі белгіленген елдердің тұрғындары болды: Германия және Түрікменстан. Олар рұқсат етілген мерзімді асырып жіберген. Сонымен қатар 38 солтүстікқазақстандық 3 күн ішінде көші-қон қызметіне шетелдіктерді қабылдағаны туралы хабарламағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
"ЖПІШ шеңберінде базарларға, құрылыс нысандарына, ауыл шаруашылықтарына және басқа елдердің тұрғындарының басқа да ықтимал болу және жұмысқа орналасу орындарына тексеру жүргізіліп жатыр. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартудың 5 фактісі анықталды. Сондай-ақ іс-шараны өткізу кезеңінде ҚР-дан сот шешімі бойынша екі шетелдік шығарылды, оның ішінде Тайынша ауданының аумағында болған, қос азаматтығы бар РФ тұрғыны анықталған. Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа тыйым салынғанын еске саламыз", – деп хабарлайды СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.