$478.96 €533.03 ₽5.22
×

«Алматыда 9 баллдық жер сілкінісі болса, қаланың 30%-і қирап қалады»,- Ибрагим Күлшімбаев

23.02.2023ж. 20:00
1413
«Алматыда 9 баллдық жер сілкінісі болса, қаланың 30%-і қирап қалады»,- Ибрагим Күлшімбаев

  «Алматыда 9 баллдық жер сілкінісі болса, қаланың 30%-і қирап қалады». Бұл туралы төтенше жағдайлар   вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты. Қала тектоникалық плиталардың 27 ақауында орналасқан. Жер сілкінісі кезінде шаһардағы ең қауіпті жер - таулы аймақтар екені белгілі болды. Ал Түрксіб ауданы ең қауіпсіз аймақ деп бағаланып отыр.

Ибрагим КҮЛШІМБАЕВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Пәтердегі ең қауіпсіз орындар – тірек қабырғалар, жер сілкінісі болған жағдайда осы жерлер құтқара алады. Баспалдақ алаңы керісінше қауіпті болып саналады. Біз бұған Түркиядағы қирандыларды жою кезінде көз жеткіздік. Қаза тапқандардың негізгі саны сол жерден табылды. Сондықтан сыртқа жүгіруге асықпау керек.

Сондай-ақ вице-министр елімізде сейсмикалық қауіпті аймаққа Алматы облсынан бөлек Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары да кіретінін атап өтті. Ол биыл қыркүйек айында Алматы қаласында жер сілкінісіне дайындық ретінде ауқымды республикалық оқу-жаттығу шаралары өтетінін жеткізді.