$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Елордада «Bolashak Bright» қайырымдылық жобасының тұсаукесері өтті

23.02.2023ж. 20:00
760
Елордада «Bolashak Bright» қайырымдылық жобасының тұсаукесері өтті

Елордада қазақстандық танымал «Ninety One» тобының қатысуымен «Bolashak Bright» қайырымдылық жобасының тұсаукесері өтті. Бұл бастаманың ерекшелігі – әрбір қайырымдылық жасаған адам өзі де бағалы сыйлықтарға ие бола алады. Ол қалай жүзеге асады? Игі іс жасаушылар жиналған жиыннан тілшіміз тарқатады

Алғашқы қайырымдылық қаржысы буллезді эпидермолизбен ауыратын 8 жасар Тимур Сидировқа беріледі. Бүлдіршінге екі қолдың саусақтарын ажырату үшін операция Санк-Петербург қаласында жасалуы тиіс. Ота құны – 1 миллион 198 мың теңге. «Болашақ» қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Гаплан бұл – елімізде болмаған бірегей жоба болатынына сенімді. Өйткені, қайырымдылыққа атсалысқан азамат бағалы сыйлық ұтып алуы мүмкін. Жоба жетекшілірі көмекке мұқтаж адамға ақша жинау уақыты басталған күні арнайы жиын өткізеді. Қонақтарға арнайы нөмер жазылған қағаз таратылып, жеребе арқылы жеңімпаздар анықталады. Мәселен, бүгінгі кездесуге келгендер «NINETY ONE» тобының концертіне билет ұтып алды.

Динара ГАПЛАН, «БОЛАШАҚ» ҚОРЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз қайырымдылық мәдениетін дамытып, бәріне игі іс жасау оңай екенін көрсеткіміз келеді. «Bolashak Bright» жанашыр азаматтармен бірге, біраз жоба істеді. Біздің бүгін ұсынып отырған жобамыз – бәрінен ерекше. Басты мақсат - бағалы жүлде ұтысын өткізу арқылы қайырымдылықты танымал ету. Қорға 20-дан астам өтініш түсті, біз 8 жасар жігітті таңдадық.

Тұсаукесер жобаның басты қонақтары - «Ninety one» тобы. Кездесуге келген әншілер қайырымдылық жасау арқылы жүректерге мейірім шуағын төгеміз – дейді. «Зак» лақап атымен танымал Дулат Мұхамедқалиев бұл қайырымдылық қорының өзгелерден ерекшелігін атап өтті.

Дулат МҰХАМЕДҚАЛИЕВ, «NINETY ONE» ТОБЫНЫҢ ӘНШІСІ:

Көптеген қайырымдылықпен айналысатын фонд, т.б. дүниелерге аудит істеудің немесе ол ақшалардың бәрінің қайда баратынын, ол ақша кейін неге айналып кететінін көруге мүмкіндік жоқ. Бірақ, мына жақта ондай мүмкіндік бар. Тәуелсіз аудит істеуге болады. Бұл түскен ақшаның барлығы қандай жерге барып, жетіп, кімге түскенін біліп отыра аламыз.

2011 жылы құрылған қор осы күнге дейін Қазақстанның 22 қаласында инклюзияны қолдау бойынша 46 кабинет ашты. Дарынды жастарды қолдау мақсатында 100-ден астам білім беру грантын бөлді.