$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Елде 1 миллион 180 мың адамның берешегі бар - Ержан Біржанов

AstanaTV
24.02.2023ж. 10:07
1485
Елде 1 миллион 180 мың адамның берешегі бар - Ержан Біржанов

Үшінші наурыздан бастап банкорттыққа өтініш қабылдау басталады. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов елде 1 миллион 180 мың адамның берешегі барын айтты,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.

Қарыз сомасы: 1 триллион 100 миллиард теңге. Алайда, барлығы бірдей банкроттыққа өтініш бермеуі мүмкін, дейді. Өйткені, «банкрот» деп танылған адам 5 жылға дейін несие ала алмайды. Оған қоса, 7 жылдың ішінде өзін қайтадан банкрот деп жариялай алмайды. Сонымен бірге, азаматтың банкроттықтан кейін үш жыл бойы қаржылық жағдайы тексеріліп отырады. Бұдан бөлек, банкроттық бюджетке де кері әсерін тигізеді, деді ведомство өкілі.

Ержан БІРЖАНОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жергілікті бюджет аталған тұлғалардың 100 пайыздық айналымы кезінде 3 жылда 100 миллиард теңгеден айырылуы мүмкін. Яғни 2023 жылы – 50 миллиард теңге, 2024 жылы – 30 миллиард теңге, 2025 жылы – 20 миллиард теңге деп жоспарланып отыр. Банкроттық – бұл қарызды төлеуден босату емес, кешірім жасау емес, өзіндік талаптардан тұратын соңғы амал. Біз, барынша өз тарапымыздан борышкерлер көп өңірлердің тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.