$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Теміртауда салмағы 5 келі бала дүниеге келді

AstanaTV
24.02.2023ж. 11:52
1352
Теміртауда салмағы 5 келі бала дүниеге келді

Теміртауда "Ана мен бала" көпсалалы орталығында салмағы 5055 грамм батыр бала дүниеге келді. Анасы нәрестені  табиғи жолмен дүниеге әкелді.

Босанған әйелдің бұл 4 – ші баласы. Қазіргі уақытта анасы мен баласы дәрігерлердің бақылауында "ана мен бала" палатасында. Жағдайлары қалыпты.

Акушерлікте үлкен салмақты балалардың туылуы жиі кездеседі, яғни бұл 4000 г-нан асатын балалар, олар үлкен болып саналады. Ал салмағы 5000 г-нан асатын сәбилер алып балалар тобына жатады.

2022 жылы үлкен салмақпен – 54 нәресте, алып салмақты -10 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде ең үлкені Облыстық клиникалық аурухананың перинаталдық орталығында дүниеге келген, салмағы - 6520 г.

2023 жылдың ағымдағы кезеңінде үлкен салмақты 4 сәби дүниеге келді, оның біреуі  "Теміртау қаласының көпсалалы ана мен бала орталығында".