$487.24 €529.34 ₽5.02
×

«Қазақстандықтардың 71 проценті еліміз дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп санайды», - Е.Қарин

24.02.2023ж. 20:00
840
«Қазақстандықтардың 71 проценті еліміз дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп санайды», - Е.Қарин

Қазақстандықтардың 71 проценті еліміз дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп санайды. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижесін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің телеграм арнасында жариялады. Ол Парламент сайлауының ерекшелігіне тоқталып, партиялар арасындағы бәсекелестік – сайлау кампаниясының негізгі элементі екенін айтты. Бұл сайлаудың алғышарты Президент жолдауында қаланған. Бір жылға жетпейтін уақытта партиялар үшін шынайы бәсекелестік орта қалыптасты. Азаматтардың Парламент пен мәслихатқа өзін-өзі ұсынуына жол ашылды-дейді.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Парламент сайлауына барлық жеті саяси партия қатысып жатыр. Оның екеуі партия туралы заңнамаға өзгерістер енгеннен кейін тіркелді. Сондықтан партиялар арасындағы бәсекелестік бұл сайлау кампаниясының негізгі элементі болмақ. Мәжіліс депутаты болуға партиялық тізім және бір мандатты округтер бойынша барлығы 892 азаматтың кандидатурасы ұсынылды. Сайлауға қоғам қайраткерлері мен азаматтық белсенділердің көптеп қатысып жатқаны олардың жүргізіліп жатқан реформаларға сенімі мен қолдауын білдіреді.