$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Алматы облысындағы республикалық маңызы бар жолдарда енгізілген шектеу алынып тасталды

AstanaTV
26.02.2023ж. 09:06
1445
Алматы облысындағы республикалық маңызы бар жолдарда енгізілген шектеу алынып тасталды

Алматы облысындағы республикалық маңызы бар жолдар ашылды7 «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 26 ақпаннан бастап республикалық маңызы бар жолдардың келесі учаскелерінде қозғалыс қайта басталды:

- сағат 05: 00 –ден бастап «РФ шекарасы Екатеринбург – Алматыда» Республикалық маңызы бар А/д қозғалысы 2436 км (Медереченск ауылы) - 2214 км (Жамбыл облысының шекарасы) ашылды.

- сағат 07: 00-ден бастап «Алматы-Ташкент – Термез» республикалық маңызы бар А/д қозғалысы 59 км (Жаңақұрылыс кенті) - 101 км (Дегерес кенті) ашылды.

- сағат 07: 00-ден бастап «Алматы-Көкпек-Көктал – Қорғас» Республикалық маңызы бар А/д қозғалысы 14 км (Гүлдала кенті) - 109 км (Лавар кенті) ашылды.

- сағат 08: 00-ден бастап «Алматы-Шелек-Қорғас» Республикалық маңызы бар А/д қозғалысы 25-118 км ашық.

- сағат 08: 30-дан бастап «Алматы – Өскемен» Республикалық маңызы бар А/д-да 79 км (Қонаев қаласы) - 124 км (Жоламан кенті) қозғалыс ашылды.

- сағат 08: 30-дан бастап «Алматы – Өскемен» Республикалық маңызы бар А/д-да 124 км (Шеңгелді кенті) - 287 км (Қарабұлақ кенті) қозғалыс ашылды.