$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Шымкенттегі автобустарда наурыздан бастап кондукторсыз жүйе енгізіледі

AstanaTV
26.02.2023ж. 10:51
911
Шымкенттегі автобустарда наурыздан бастап кондукторсыз жүйе енгізіледі

2023 жылғы наурыздан бастап Шымкенттегі автобустарда кондукторсыз жүйе енгізіледі. Қала тұрғындары жол ақысын валидаторлар, SMS және QR-код арқылы төлей алады.

"Қолма-қол ақшамен төлеген кезде жүргізушіден чек талап етіңіз және оны сапар соңына дейін сақтаңыз. Көлік картасымен, SMS немесе QR-код арқылы төлесеңіз, жол ақысы - 70 теңге, ал қолма-қол - 100 теңге".

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 622-бабының 2-тармағына бойынша қоғамдық көлікте жол ақысын төлемегендерге екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Ал автобустарда үнемі рейдтік іс-шаралар өткізіледі.