$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны төмендеп келеді

AstanaTV
26.02.2023ж. 13:26
839
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны төмендеп келеді

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 67 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

26 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 726 адам коронавирус инфекциясынан (–1 562+ және 164 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 107 пациент стационарда, 1 619 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 4 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр ал 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.