Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қызылжарда коммуналдық кәсіпорын басшысы түнгі клубта тапаншамен атыс ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды

27.02.2023ж. 20:00
884
Қызылжарда коммуналдық кәсіпорын басшысы түнгі клубта тапаншамен атыс ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды

Қызылжарда коммуналдық кәсіпорынның басшысы тапаншамен атыс ұйымдастырды деген күдікке ілініп, қамауға алынды. Оқиға түнгі клубтардың бірінде болған. Түнгі сағат 12-лер шамасында 34 жастағы кәсіпкер мен 28-дегі жігіттің арасында дау туып, коммуналдық қызмет жетекшісі тапаншамен атып жіберген. Оқ жәбірленушіге тиген. Араға үш сағат салып, ауыр жарақаттың салдарынан ол ауруханада көз жұмды. Қазір полицейлер тергеу жұмысын қолға алды. Атыс клубтың ішінде болған. Тәртіп сақшылары бизнесменнің клуб ішіне қаруды қалай кіргізгенін анықтап жатыр.

Баян ДОСЖАНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ТЕРГЕУ БӨЛІМІНІҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:

Аталған факті ҚР ҚК 99 бабының 2 бөлімі адам өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерулердің біріңғай тізіліміне енгізілді. Жедел іздестіру шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен Қызылжар ауданының 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті Петропавлдағы уақытша ұстау абақтысына қамалды.